понедельник, 2 июня 2014 г.

Репрессиянын құрбаны
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

воскресенье, 1 июня 2014 г.


Майлин өнегесі 

Қазақ прозасының қайнар басына үңілгенде — бізді қызықтырып отырған жеке фактілер емес. Қолдан келгенше бүгінгі күнге ұлғайып жеткен өміршең дәстүрлердің бастау көзін аршығымыз келеді. Шынын айтсақ қазақ прозасында әзірге ондай қалыптасқан дәстүрлі арналар көп емес. Жоғарыда біз Әуезов дәстүрлеріне аз-кем тоқталып, көңілдегі ойларымыздың ұштығын аңғартып кеттік. Біздің бақытымызға қарай прозамыз жас болса да — Әуезов сияқты тамаша құбылыс жалғыз емес. Біздің прозамызда Әуезовтен бөлек, өзінше жеке-дара тұрған құбылыс бар. Оның аты — Бейімбет Майлин.